Инвестициялар

Астанада құрылыс химикаттар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін шығаратын зауыт ашылады

Астанада құрылыс химикаттар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін шығаратын зауыт ашылады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «BASF Орталық Азия» ЖШС Орталық Азиядағы құрылыс химикаттар бөлімшесінің жетекшісі Сәуле Байтжаунова.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 20:08

«BASF Алматы және Астана қалаларында құрылыс химикаттар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін шығаратын зауыттарға инвестиция құйды және әлемдік химия өнеркәсібінің көшбасшысы болып табылады. Концерннің әлемдегі ұсыныс портфеліне химикаттар, пластмассалар, арнайы химикаттар, ауыл шаруашылығы өнімдері және ұсақ химикаттар кіреді», - деді С.Байтжаунова.

Оның айтуынша, компания сенімді серіктес болып табылады және әр түрлі салаларда өз қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қатарында.

««KAZNEX INVEST» АҚ қолданыстағы инвесторлар BASF компаниясын белсенді қолдайды. Астанадағы қолданыстағы өндіріс негізінде  «BASF Орталық Азия» ЖШС жаңа филиалының ресми ашылуы аймақтағы химия өнеркәсібін дамыту үшін, сонымен қатар  Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығына оң әсерін тигізеді», - деді  ол.

 




Яндекс.Метрика