ҚР ИИДМБ

Б.Жанғоразов: ИИДМБ аясында негізгі екпін экспорттағы өндірістерді дамытуға бағытталады

ИИДМБ іске асыру кезінде ҚР Үкіметінің негізгі екпіні экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға жасалады, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттік» АҚ Басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов мәлім етті.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:34

«ИИДМБ іске асыру кезінде ҚР Үкіметінің негізгі екпіні  импортты алмастыруға ғана емес, сондай-ақ экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға жасалады. Өйткені Қазақстан ашық экономика құруда және сол себепті отандық кәсіпорындар жаһандық құн тізбегіне тұруына талпыну керек»,-деді ол.

Ол үшін міндетті түрде экспорт туралы ойлау керек. Көптеген химикаттардың импортталуына қарамастан,өзіміздің өндірістерімізді міндетті түрде дамытуымыз керек.

«Осындай қарым-қатынаста «Самұрық-Қазына» көп жұмыс жасайды. Көбінесе, Біріккен химиялық компания. Өздеріңіз білетіндей, оларда бірқатар жоба бар және олар құрылыстың дәрежесіне шығуда. Осыған орай, уақыт өте келе импорт орынды баса тұрады деп ойлаймыз, алайда біздің алдымызда импортты толығымен алмастыру тапсырмасы тұр. Бізде экономикалық нарық және сол себепті туарлардың қатарын экономикалық тұрғыда біздің аумақта өндіру тиімді емес, сол себепті олар кез келген жағдайда импортталатын болады»,- деді ол.




Яндекс.Метрика