Өңірлер

ҚР-да мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден бюджетке 7 млрд теңге түсті

ҚР-да мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден бюджетке 7 млрд теңге түсті .Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыбындағы баспасөз мәлихатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Эдуард Өтепов.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:03

«2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың тамызға дейінгі кезеңде 523 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 объект шығарылды, оның 314 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша – 57», - деді Э.Өтепов.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 7 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге - 5,1 млрд. теңге, Холдингтерге – 68,1 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,4 млрд. теңге түсті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика