Өңірлер

Н.Назарбаев Павлодардағы «Арго» ЖШС ауыл шаруашылығы кешенінде болып қайтты

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодарда «Арго» ауыл шаруашылығы кешенінде болып қайтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Павлодар29 Қыркүйек , 15:49

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтары көрсетіліп, оның қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, сапар барысында Мемлекет Басшысы өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімі көрмесін қарап, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, олар астық жинау барысы және аграрлық саланың даму қарқыны туралы айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін тарту қажеттілігін атап өтті.

Одан басқа, Мемлекет басшысы жақын арада Қытайға барған сапарында қол жеткізген, отандық аграрийлерге осы елге дәнді және майлы дақылдар экспортын едәуір өсіруге мүмкіндік беретін келісушіліктерге де ерекше көңіл бөлді.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері Қазақстан Президентіне елдің ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлуі мен қолдау көрсетуі үшін алғыстарын білдірді. 




Яндекс.Метрика