Инвестициялар

Қазақстан өңдеу өнеркәсібі саласына 3 айда 2,5 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты

Қазақстан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 2,5 млрд доллар жеке ТШИ-ді өңдеу өнеркәсібі саласына тартты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 15:34

Б.Жанғоразов айтып өткендей, Қазақстанның басым бағыттарының бірі өңдеу өнеркәсібі болып табылады. ҚР Үкіметі  индустриялды-инновациялық даму  бағдарламасын өткізіп жатыр,  сәйкесінше химиялық сала бағдарламаның маңызды саласы болып есептеледі.

«Соңғы бірнеше жыл ішінде химия өнеркәсібі айтарлықтай белсенді өскен. ҚР-да химия өнеркәсібінің өсуі орта есеппен 5–6%-ды құраған және жылына  30%-ға дейін жеткен. 2015 жыл ішінде химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі  244 млрд теңгеге жетіп, бүгінгі күні өңдеу өнеркәсібіндегі химия өнеркәсібінің үлесі 4,2%-ды құрайды. Ол химия өнеркәсібінің үлесі небары 2,7%-ды ғана құраған 2010 жылдан бастап 2 есе ұлғайған», - деп атап өтті ол.

Химия өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар түсіміне келетін болсақ, ұлттық агенттік басшысының айтуы бойынша, соңғы 6 жыл ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімі  191 млн долларды құраған.

«2015 жылы біз тікелей шетелдік инвестициялар түсімінің жалпы дүние жүзі бойынша құлдырауын байқағанымызға қарамастан, бірінші тоқсан нәтижелері бойынша Қазақстан өңдеу өнеркәсібіне 2,5 млрд. доллардан артық таза ТШИ тартқан. Осының өзі қалпына келу болып табылады. Егер осы қарқын сақталатын болса, 2016 жыл қорытындылары бойынша біз 10 млрд. долларды құрайтын таза ТШИ тарту туралы айтатын боламыз», - деп қорытындылады Б. Жанғоразов.  




Яндекс.Метрика