Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

С.Жақыпова: «Өрлеу» жобасына Ақтөбе облысының тұрғындарын тарту бойынша шаралар қолданылады

Алдағы айларда ҚР ДСӘДМ мамандары кірістері ең төмен айлық көрсеткіштен аз Ақтөбе облысының тұрғындарын «Өрлеу» жобасына тарту және жастарды жұмыспен қамтмасыз ету үшін кең көлемді жұмыстар жүргізеді. Бұл жөнінде бүгін Ақтөбе қаласында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Ақтөбе29 Қыркүйек , 15:13

Ол 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтар үшін шартталған ақша қаражатын енгізу бойынша  пилоттық «Өрлеу» жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоба атаулы қолдаудың шартсыз формасынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуін қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осындай өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен 38 аудан мен қалаларда іске асырыла бастады.

«Жобаның іске асырылуы оның қатысушыларының жан басына шаққан кірістерін жобаға қатысқанға дейін кезеңмен салыстырғанда 2,6 есе өсуіне мүмкіндік туғызды және 99,4% еңбекке жарамды қатысушылар жұмыспен қамтылды», деді Светлана Жақыпова.

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Өрлеу» жобасына 27,1 мың қазақстандықтар қатысты, олардың ішінде 666 адам Ақтөбе облысының тұрғындары немесе қатысушылардың жалпы санының 25%.

Вице-министр Ақтөбе облысында кірістері ең төмен айлық көрсеткіштен аз отбасылар (тұлғалар) анықталғанын, бір ай бойы олармен әңгімелесу, аулаларды аралау, қиын өмірлік жағдайдан шығу жеке бағдарламаларын әзірлеу, «Өрлеу» жобасы шеңберінде әлеуметтік контракт жасасу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Одан басқа, жастардың, бірінші кезекте оқу орындарына түсе алмаған, білімдері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандардың, жұмыссыздардың, экономиканың формалды емес секторында жұмыс істейтіндердің жұмыспен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылады.

«Жастардың жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына (бұдан әрі – ЖҚЖК 2020) компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тілін жаппай оқытуды енгізуге, өз ісін ұйымдастыру үшін кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға; жастарды жұмыспен қамтуға, ең алдымен жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және кәсіптік білім беруге бағытталған іс-шараларды қаржыландыруға қатысты бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Алдағы айлық барысында облыста жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды практикада жүзеге асыруы қарастырылуда»,- деп мәлімдеді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, азаматтардың еңбек құқығын қорғау бойынша жұмыс жүргізілетін болады, оның ішінде жаңа Еңбек кодексі қабылдануына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жұмыс берушілердің қызметкерлердің еңбек құқығын сақтаудағы бақылауын күшейту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.     

Жалақы төлеу бойынша, міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша қарызы бар өнеркәсіптерге аса назар аударылатын болады.

Свелана Жақыпова Жұмыс тобымен әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңа енгізулердің орындалуы бойынша түсіндіру кездесулерінен басқа, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғаудағы нақты тәжірибелі көмек көрсетілу жоспарланғанын  атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ-де Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандарынан тұратын топ құрылған, олар мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылатуда өңірдегі адамдарға кеңестік-диагностикалық  қызметтер көрсететін болады.

«Жоғары мамандандырылған көмекті қажет ететін пациенттерге, бас медициналық орталықтардың мамандарының қатысуымен шеберлік-класс аясында медициналық көмек көрсетілетін болады. Жергілікті дәрігерлермен бірлесе отырып, оқушылар арасында  сауықтыруға арналған топ құру үшін және әртүрлі ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізіледі» - деді вице-министр.

Халық арасында амбулаторлық-емханалық көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сәйкесінше өңірдегі медициналық қызметкерлерге шеберлік-кластар жүргізіледі.



 




Яндекс.Метрика