Өңірлер

Жамбыл облысында 158 ауыл табиғи газбен қамтамасыз етілді

Жамбыл облысының елді мекендерін газдандыру бағдарламасы шеңберінде қазіргі күні өңірде 158 ауыл газбен жабдықталды немесе 51%-ға өз жұмысын орындады.
Жамбыл30 Қыркүйек , 08:49

Облыстың 377 елді мекендерінен 312 ауыл  немесе 82,7 пайызы  газбен жабдықталуға белгіленген. Соңғы 7 жылда 110 елді мекен газбен жабдықталды, деп хабарлайды аймақтық әкімдікте.

Алдағы 9 жылда 154 ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланған. Өңір бойынша газ құбыры 4 425,169 шақырымды құрайтын болады. Бүгінгі күні тозушылық 29,9%-ды құрайды.

«Тозушылықты төмендету мақсатында және газ құбырларын қазіргі заманның талабына сәйкестендіру үшін 8 жылға есептелінген Тараз қ. газ тарату желілерін қайта құру бағдарламасы қабылданды»,-деп хабарламада айтылған.

Бағдарламада полиэтилен газ құбырларын 940 шақырымда  жер асты қалауға 22,2 млрд теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылы 59 шақырымды ауыстыру жоспарланған. Бүгінгі күні 3 мердігер анықталған. Қазіргі таңда газ құбырларының 39,56 шақырымы немесе 67%  ауыстырылды

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 92 шақырымды құрайтын Шаян – Жанатас газ құбырларының құрылысын қаржыландыруға 108,4 млн теңге беру  қарастырылған.




Яндекс.Метрика