Халықаралық интеграция

Сербия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті – СІМ

Белградта елші Нұрбах Рүстемов Сербия премьер-министрі Александр Вучич және премьер-министрдің бірінші орынбасары – сыртқы істер министрі Гораном Кнежевичпен кездесу өткізді.
Әлемде 29 Қыркүйек, 14:51

Кездесу барысында Александр Вучич 23-25 тамызда Қазақстан Президентінің  Сербияға жасаған  ресми сапарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш сапар Қазақстан мен Сербия арасындағы  өзара ынтымақтастықтың тереңдеуіне негіз болды. Сербиялық үкіметтің басшысы  Қазақстан көшбасшысымен өткен  келіссөз  оң әсер қалдырғанын  айтты.

Сербиялық премьер-министр  жақын арада Қазақстанға ресми сапармен келетінін айтты, деп хабарлады СІМ.

ҚР Президентінің тапсырмасымен үкіметтің қабылдаған бағдарламалық құжаттарымен танысқан А.Вуич  олардың жүзеге асырылуы ұлттық экономиканы нығайтып,  жаңа экономикалық перспективаларды Қазақстан үшін ғана емес, өңір үшін қамтамасыз ететінін айтты.

СІМ басшысымен кездесуде тараптар  екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытын қарастырды. Кездесу барысында экономика министрі мен тараптар Қазақстан мен Сербия  арасындағы ынтымақтастықтың үкіметаралық  комиссиясының  1-ші отырысында   келісілген сауда-экономикалық қарым-қатынасты елдер арасында белсенділету мәселелерін талқылады.

 





Яндекс.Метрика