Парламент

Сенат Қазақстан мен Сербия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңды мақұлдады

Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Нұр-Сұлтан29 Қыркүйек , 12:27

Астана қаласында 2015 жылдың 28 тамыз айында қол қойылған Конвенция мен Хаттама инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы  Қазақстан мен Сербия арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. 

Конвенция екі жақты халықаралық келісім шарт болып табылады және қосарланған салық салуды жою мақсатымен жасалған. Тараптар салық төлеушіге салықты бір рет қана төлеуге мүмкіндік береді. Басқа мемлекет оларға төленген салық сомасының есебін ұсынады.

Құжатта ережелер қарастырылған және соған сәйкес, дивиденттер, пайыздар және роялтилер төмендетілген мөлшерлеме бойынша кіріс көзіне салық салуы мүмкін.  




Яндекс.Метрика