Қазақстанның стратегиялық бағыты: сарапшылар пікірі

Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 дамыған елінің қатарына ену мүмкіндігіне ие – шетелдік сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 дамыған елінің қатарына ену мүмкіндігіне ие. Атап айтсақ, энергия ресурстары, ауқымды аймақ, пайдалы қазбалар, заңнама, шетелдіік капиталды қорғауды қамтамасыз ету, астық экспорты көрсеткіштері сай келеді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында экономикалық ғылымдар докторы, профессор Жұмақадыр Акенеев (Қырғызстан).
Нұр-Сұлтан 29 Қыркүйек, 11:23

«Қазақстан әлемнің 50 дамыған елінің қатарында, бұл көрсеткішке 2030 жылы жету көзделген еді. Бүгінде  бәсекеге қабілетті  30 дамыған елдің қатарына ену мақсаты тұр. Қазақстан   әлемнің   бәсекеге қабілетті 30  дамыған елінің қатарына ену мүмкіндігіне ие. Атап айтсақ, энергия ресурстары, ауқымды аймақ, пайдалы қазбалар, заңнама, шетелдік капиталды қорғауды қамтамасыз ету,  астық экспорты көрсеткіштері сай  келеді», - деді Ж.Акенеев.

Сарапшы сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің дамуына ғана емес, әлемдік қауымдастықтың ілгерілуіне қосқан үлесін айтып өтті.

«Қазақстан Президентін көшбасшы ретінде ғана емес, бітімгерлік шаралар өткізетін әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде қарастырады», - деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан астық экспорттау бойынша үздік алтылықтың қатарында. Сарапшының пікірінше, бұл 30 дамыған елдің қатарына қосылудың тағы бір себебі болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

Бейне: Бауыржан Жуасбаев

 





Яндекс.Метрика