Экология

Алматыда жетілген ағаштарды қайта отырғызу үшін техника сатып алынады

Алматыда алғаш рет жетілген ағаштарды қайта отырғызу үшін техника сатып алынады. Бұл мақсатты іске асыру үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінеді, деп хабарлады қала әкімдігінде.
Алматы қаласы29 Қыркүйек , 11:42

Айта кетейік,  арнайы тіркемелері бар жүк көлігі ағаштарды топырағы және тамырымен бірге шығарып алуға мүмкіндік береді, содан кейін диаметрі 25 см болатын ағашты басқа жерден келесі жерге отырғызуға болады.

«Алматының мәслихаты осындай техниканың 2 бірлігін сатып алуды мақұлдады және сол үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінеді»,-деп хабарламада көрсетілген.

Алматы қаласының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында хабарлағандай, егер бұрындары құрылыс кезінде ағаштар кесілсе, қазір оларды қайтадан басқа жерге отырғызылатын болады. Осылайша, жаңа техникаға орай, Алматының жасыл қорын сақтап қалуға үлкен мүмкіндік туады. Айта кететін жайт, орташа есеппен алғанда, жылына 40 мың ағаш отырғызылған.  




Яндекс.Метрика