Адами капитал

Мемлекет басшысы қызылордалық жас ертегішіге кітап сыйлады

Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік 7 жасынан ертегі жазып келеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда 29 Қыркүйек, 09:14

Бүгінде оның топтамасында 40-қа жуық ертегі бар. Көбісі жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» және т.б. 

«Бүгінде түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Алтынай алғашқы жүлдесін «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған «Үш бәйтерек» жылына арналған бәйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. Көп балалы отбасында Алтынай екінші бала. №267 мектептің 5 сынып оқушысы. Оқуда озат, - дейді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Елбасына Конституция күнімен құттықтап, хат жолдады. Мемлекет басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, сый ретінде «Еуразия жүрегінде» кітабын жіберді. Ал Алтынайдың ертегісін кез келген республикалық балалар журналынан тауып оқуға болады.

 





Яндекс.Метрика