Экология

Қазақстанда жыл басынан бері экологиялық заңнаманы 4 мың бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттерімен тексерулер тізіміне сәйкес ішінара тексерулер жүргізіледі, құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша жоспардан тыс тексерулер де жүргізіледі.
Казахстан28 Қыркүйек , 19:28

Осылайша, 2016 жылдың сегіз айында экологиялық заңнаманы сақтау бойынша шаруашылық жүргізу субъектілеріне 1818 тексеру жүргізілді, олардың ішінде 667 – ішінара, 1151 – жоспардан тыс, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткізілген тексерулердің қорытындылары бойынша экологиялық заңнаманы 4100 бұзу анықталды, бұзуларды жою бойынша 2706 нұсқама берілді.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 157,221 млн. теңге жалпы сомасына 3027 әкімшілік айыппұл салынды, қазіргі күні 1 034,605 млн. теңге (89%) жалпы сомасына 2577 әкімшілік айыппұл төленді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың сегіз айында қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаптармен 31 217,067 млн. теңге жалпы сомасына 932 нұсқама берілді, олардың ішінде 535,912 млн. теңге (2%) сомасына 743 талап бойынша өндірілді. Залалды өтеу бойынша талаптармен қалған нұсқамалар соттың қарауында жатыр.

2016 жылдың сегіз айында шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа 118 материал жолданды, олардың ішінде сот шешімімен 92 қанағаттандырылды.

Бұдан басқа, келтірілген залалды әділ бағалау үшін 2015 жылғы 12 мамырдағы №343 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» бұйрығымен міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысаны бекітілді. Экологиялық аудиттің мақсаты табиғат қорғау қызметін заңнаманың және нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келтіру, табиғат қорларын пайдалануды оңтайландыру, энергия тұтынуды бірыңғайлау және төмендету, қалдықтарды азайту, апаттық төгіндердің, шығарындылардың және техногендік апаттардың алдын алу болып табылады. Қазіргі кезде ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы 12 қорытынды берілді.

Қоршаған ортаны апаттық ластаудың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды анықтау мақсатында экологиялық зертханаларды тарту арқылы жедел ден қойылады, жергілікті атқарушы билік органдарымен және өзге мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жүзеге асырылады.


 




Яндекс.Метрика