Салық саясаты

Барлық активтердің көрсетілуімен алғашқы декларациялау - жаппай декларациялаудың басты элементі – Қаржы министрлігі

Қазақстанда «ҚР азаматтарының мүлкі мен кірісін декларациялау мәселесі брйынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қабылдануында жаппай декларациялау жүйесіне өтуде басты элемент салық төлеушінің барлық активтерінің көрсетілуімен алғашқы декларациялау болады, деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Руслан Даленов жаппай декларациялау мәселесі бойынша дөңгелек үстел барысында.
Нұр-Сұлтан04 Желтоксан , 13:48

«Жаппай декларациялау жүйесіне өтуде басты элемент салық төлеушінің барлық активтерінің көрсетілуімен алғашқы декларациялау болады. Алғашқы декларация дегініміз - өз активтері жайлы мағлұмат беру. Азамат өз декларациясында меншігіндегі барлық дүниесін толық көрсетуі керек. Бұл меншігіндегі барлық дүниеден салық алынады деген сөз емес. Бұл келешекте өз мүлкіне қатысты қиындық тумауы үшін атқарылатын бастама», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, кіріс пен мүлікті декларациялау болашақта қосымша пайдаға қатысты қосымша мәселелердің туындамауына себеп болады.

Сонымен қатар, қаржы министрлігі өкілі заң жобасы қосымша салықтық шегерімдерді де қарастырады. Атап айтар болсақ, олар – білім беру, денсаулық сақтау және ипотекалық шығындардың шегерімі.

«Жалпы, қазіргі кездегі жеке тұлғаларға арналған шегерімдердің барлығы сол қалпы сақталады. Оларға қосымша тағы да бірқатар шегерімдер қосылады. Атап айтар болсақ, олар – білім беру, денсаулық сақтау және ипотекалық шығындардың шегерімі. Мұндай шегерімдер ең көп дегенде 800 мың теңгемен шектеледі. Мұның барлығы алғашқы кезең үшін», - деді Р.Даленов.

Оның айтуынша, салықтық шегерімнің ең көбі 822 924 теңгемен белгіленеді. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінен 36 есе үлкен екені белгілі.




Яндекс.Метрика