Өңірлер

Қытайлық инвесторлар СҚО-да логистикалық орталықты салуға ниетті

Қытай Халық Республикасының инвесторлары Солтүстік қазақстан облысында логистикалық орталықты салуға ниетті. Бұл туралы аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ҚХР-дың Шандунь провинциясының Ляочэн қаласынан делегаттар тобымен кездесу барысында айтты.
Солтүстік Қазақстан28 Қыркүйек , 20:17

Қонақтарды қарсы алған СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiрдiң экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуетiне, қытайлық компаниялармен жұмыс iстеу тәжiрибесiне тоқталып өттi.

«Бүгiнде бiр қытайлық компания өңiрде зауыт құрылысын жүргiзiп жатыр. Жоспарда әлi 7-уi бар. Қытаймен алдағы уақытта да жұмыс iстеуге дайынбыз. Былтырдан берi ұн мен бидай табысты экспортталып келедi. Бiздiң ұнымыз әлем бойынша үздiктердiң қатарында», — деп атап өттi Ерiк Хамзаұлы.

Сондай-ақ, өңiр басшысы Қазақстандағы инвесторлардың тиiмдi жұмысы мен бизнестi дамытудағы ұсынылатын артықшылықтар жөнiнде айтып өттi.

Өз кезегiнде Ляочен қаласы мэрiнiң орынбасары Чен Пинг облыс әкiмiне қонақжайлылығы үшiн алығысын бiлдiрiп, Шандунь провинциясы жөнiнде айтып өттi. Өңiрдiң 8 ауданы мен 3 экономикалық аймағында 6 миллион адам тұрады. Өлке негiзiнен түстi метал өңдеумен және химиялық қайта өңдеу өндiрiсiмен, сондай-ақ егiншiлiкпен айналысады.

Аспан асты мемлекетiнiң өкiлдерi солтүстiкқазақстандықтармен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

«Сiздердiң ауыл шаруашылық кешендерiңiз жақсы дамыған. Бiз сiздермен жұмыс iстегiмiз келедi. Өңiрлерiңiзде логистикалық орталық құруды жоспарлап отырмыз. Ұзақ уақыттан берi ойлаған жобаны жақында жүзеге асырамыз деп сенемiн. Ең алдымен инвестиция құятын боламыз. Алдағы уақытта бiрiккен кәсiпорындар құру жоспарда бар», — дедi Ляочен қаласы мэрiнiң орынбасары Чен Пинг.

Кездесудi қорытындылаған облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов инвесторларға көзделген жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететiлетiндiгiн жеткiздi.




Яндекс.Метрика