Инвестициялар

Қазақстан АӨК-не 5 жылдың көлемінде 102,6 млрд. теңге тартылды

ҚР Ұлттық банк деректеріне қарағанда, соңғы 5 жылда еліміздің ауыл шаруашылығына 102,6 млрд. теңге көлемінде шетелдік инвестиция тартылған, деді АШМ инвестициялық саясат пен қаржы құралдары департаменті инвестицияларды басқару жетекшісі Рахат Нұрғалиев.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 17:31

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ке шетелдік және отандық көздерден инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлікті қолдау бойынша тиісті алғышарттарды жасау бағытында белсене жұмыс жасауда. Атап айтқанда, АӨК субъектілері үшін арнайы салық салу режимі, басымдыққа ие бағыттарды субсидиялау, жеңілдікті несие мен лизингпен қамтамасыз ету.

Инвестициялық салымдар бойынша АӨК субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (инвестициялық субсидиялар) ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жұмыс жасап тұрған өндіріс орындарын салу немесе кеңейту кезінде инвестициялық салымдарының шығындарын жабуға мүмкіндік береді. Инвесторлардың АӨК-тің басымдыққа ие бағыттары бойынша жаңа құрал-жабдық пен ауыл шаруашылығы техникаларын иеленулеріне кеткен шығындарының 20%-дан 80%-ға дейін жабу қарастырылуда.

"А.ж. сәуірде 2016 жылы инвестициялар тарту бойынша ҚР АШМ іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол құжатта АӨК-ке қаржы салуға әлеуетті инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау шаралары қарастырылған.Қазіргі таңда, Министрлік мынадай тұрғылар бойынша мониторинг жасауда:Италия, Германия және Қытай трансұлттық корпорациялары жүзеге асыруды жоспарлап отырған 4 жоба;Иран, Ресей, Украина, Чехия, Түркия және т.б. инвесторларының қатысуымен 20-ға жуық жоба", - деді Р.Нұрғалиев.

Аталған жобалар өндіріс және қайта өңдеу, сүтті өндіру және қайта өңдеу, құс етін өндіру және қайта өңдеу, май өнімдерін өндіру, астықты қайта өңдеу, жылыжай кешенін салу және және т.б. бағыттарда іске асырылмақ.




Яндекс.Метрика