Өңірлер

Астанадағы жәрмекеге ақтөбелік аграрилер 400 тонна өнім жеткізеді

Астанада Ақтөбе облысының күндері өтеді, шара аясында өтетін жәрмекеге ақтөбелік аграрилер 400 тонна өнім жеткізеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шерниязданов айтты.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 16:28

Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлер күні жалғасуда. Аталмыш акция ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.Осыған орай, 1-2 қазан күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе облысының жетістіктерімен таныса алады.

«Еліміздің мерейтойы қарсаңында Ақтөбе облысында әлеуметтік-мәдени және өндірістік нысандардың ашылуына, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуына баса назар аударылуда»,-деді Асқар Шериязданов баспасөз конференциясы барысында.

Жәрмеңкеде  «Айс+» ЖШС, «Молочные истории-А», «АНДИ», «Рамазан», «Ақтөбе-Нан», «Степное», «Рокос», «Габор», «Изет Грин Хаус», «Ақтөбе жылыжай», «Агрофирма Көктем», «Пригородный» және «Ақтөбе Фудс» өз өнімдерін шығаратын болады.

26 қыркүйектен бастап Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ақтөбелік жазушылардың, ақындардың шығармашылық кештері, қайырымдылық акциялары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері өтіп жатыр.

1-2 қазанда «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешенінде облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Жергілікті ауыл шаруашылықөнімін өндірушілер 400 тоннадан астам өнімді, соның ішінде 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдерін, 17 тонна өсімдік майын және т.б. сатуға шығаруды жоспарлап отыр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика