Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы жарты жылда 145 млн доллардан асты (ФОТО)

2016 жылдың бірінші жарты жылында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 145 млн доллардан асты, ол 2015 жылмен салыстырғанда 46,4 пайызға төмен, деді Беларусь Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов Сыртқы істер министрлігіндегі мәслихатта.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 16:05

«Қазақстан ТМД аясында Беларусь Республикасының маңызды сауда серіктестерінің  үштігіне енді.  Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы  2015 жылы  519,7 млн долларды құрады.Ол 2014 жылдың көрсеткішімен салыстарғанда  37,8  млн долларды құрады. БР шыққан ҚР экспорты  22,2 пайызға қысқартылып,  47,7 млн долларды құрады. БР ҚР-ға шыққан импорт  39,0 пайызға қысқарып,  472,0 млн долларды құрады», - деді Е.Бөлегенов.

Елшінің айтуынша, 2016 жылдың  бірінші жартыжылында  тауар айналым 145,8 млн долларды құрады, ол 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 46,4 пайызға төмен.

«Қазақстан Беларуссияға  9,9 млн доллардың өнімін экспорттаса, Беларуссиядан келген импорт  135,9 млн долларды құрады. Тауар айналымының төмендеуі  әлемдік экономикадағы дағдарыспен түсіндіріледі», - деді ол.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық  өндірістік және ауыл шаруашылық машина жасау, жол-құрылыс өндірісі  мен мамандандырылған техника, ауыл шаруашылығы  бағытында дамуда.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика