Инновациялар

Ақмола облысында анодты жерлендіргіш шығаратын Қазақстандағы алғашқы өндірістік желі іске қосылды

Ақмола облысында «Казақстан ЭХЗ технологиялары» ЖСШ отандық өндірістік база аясында елімізде анодты жерлендіргіш шығаратын алғашқы өндірістік желі іске қосылды. Оның өндірістік қуаттылығы жылына 5 мың бірлікке дейін барады.
Ақмола28 Қыркүйек , 18:32

Жаңа өндірістік желі 2014-2022 жылдарға арналған өндірістердің жаңаларын құру және қолданыстағыларын жаңғырту бағдарламасы аясында ашылды, деп хабарлайды аймақ әкімдігінде.

Жаңа өнімнің ерекшелігі – бұл патенттелген қазақстандық өндіріс.

Кәсіпорын директоры Жеңіс Бексұлтанның айтуы бойынша, бағдарламаны іске асыру кезінде негізгі фактор – бұл қазақстандық кәсіпорындарға қордың барлық компаниялары тұрғысынан кепілді сатып алумен қамтамасыз ету болып табылады.

Айта кетейік, «Казақстан ЭХЗ технологиялары» ЖСШ 2013 жылдың 4 желтоқсан айында құрылды. Бүгінгі күні өнімнің 7 түрін шығарады: анаодты төгу, катодты қорғау бекеті, анодты жерлендіргіштердің екі түрі, монтаж жасайтындар үшін арнайы киім және бақылау-өлшеу бекеті.

 




Яндекс.Метрика