Өңірлер

Қызылордада жылыту маусымына 280 млн теңгеден артық қаражат жұмсалды

Қызылордада жылыту маусымына 280 млн теңгеден артық қаражат жұмсалды.Қысқы жылу маусымына 15 шақты күн қалды. Осыған байланысты жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіруші қалалық штаб құрылып, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде.
Қызылорда28 Қыркүйек , 17:53

Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны өз қаржысы есебінен 284 млн 411 мың теңгеге станцияның негізгі және қосалқы қондырғылары, сауыттар мен жоғарғы қысымды құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу маусымына дайындық шаралары атқарылуда.

Орталықтандырылған жылу көздеріне қосылған 632 көппәтерлі тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етіледі. Алдағы жылу маусымында жылу қабылдай алмайтын қаупі бар 16 көпқабатты тұрғын үйлер анықталып отыр. Аталған тұрғын үйлердің өжірелеріндегі инженерлік жүйелер тозығы жеткен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр.

 




Яндекс.Метрика