Халықаралық интеграция

Израиль 2017 жылы Алматыда өтетін инновациялық Саммитті өткізуге жәрдемдеседі (ФОТО)

Алматы қаласы әкімдігінің делегациясы Алматы қ. әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың басшылығымен Тель-Авивада DLD стартап технологиясына арналған халықаралық фестивальге қатысты.
Әлемде 28 Қыркүйек, 17:12

Алматы қалалық әкімдігінде хабарлағандай, шара жүздеген жас өнертапқыштар мен әзірлеушілерді, инвесторлар мен кәсіпорындарды жинады. Сондай-ақ, фистивальге әлемдік IT-индустрияның жетекші компаниялары қатысады - Google, Microsoft, Amazon, GM, Facebook және тағы басқалар.

DLD аясында қалалардың Дүниежүзілік Саммиті өтті. Оның аясында Алматы қ. басшылығы Будапештің вице-мэрі Багды Габор мырзамен кездесу өткізді.

«Одан кейін Йосси Варди инвесторы мен израильдік ірі кәсіпкермен кездесу өтті және олармен келесі жылы Алматы қаласында инновациялық Саммитті өткізу бойынша келісім жасалды»,-деп хабарламада айтылған.

Сонымен қатар, Алматының басшылығы Мәскеу үкіметінің министрі Сергей Череминмен келіссөз өткізді. Оның мақсаты – МЖӘ нысанында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар  Алматыда азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жұмысты бастау.

Осылайша, Алматының делегациясы инновациялар мен жоғары технологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін Иерусалимнің вице-мэрі Офер Берковичпен келіссөздер өткізді.





Яндекс.Метрика