Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚазАвтоЖол республикалық автожолдардың қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуде

Республикалық маңызы бар автожолдардың 2016-2017 жылдар аралығында қысқы мерзімге алдын-ала дайындық жүргізу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Желдікбаев Беріктің төрағалық етуімен селекторлық жиналыс өтті, деп хабарлайды ұлттық компания
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 19:12

«Қазақавтожол» РМК өкілі атап өткендей, қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін құм базалары, жылыту пунктері, гараж-автотұрақтар және қазандықтарды қоса алғанда, өндірістік нысандарды жөндеу жұмыстарын да аяқтады. Қар тазалайтын техникаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 8000 тонна көлемінде тұзды жеткізу туралы келісім-шарт жасалып, оны уақтылы жеткізу жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, өндірістік базаларға көмір белсенді жеткізілуде. Тайғаққа қарсы, ЖЖМ және тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алу қалыпты мерзімде жүзеге асырылуда. Республикалық жол желісі бойында қауіптілігі басым бөліктерді анықтау үшін жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесінде 2381 шақырымда қар көшкінінің басымдылығы анықталды, бұл аймақта белгілі бір жағдайларға байланысты көлік қозғалысының қиындық туындау ықтималдығы жоғары болып табылады. Осы аймақтарда қар қоршауларын орнату, бұталарды кесу, жоғары көтерілу және төмен түсу бағыттарында тайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жол ұйымдарының қызметкерлеріне ауа-райының қолайсыз кезінде осы аймақтарға көбірек назар аудару қажеттілі жайында және қар тазарту техникаларының паркін бекіту туралы хабардар етілді.

Қысқы   мерзімде   жолдардың     тазалығын      қамтамасыз      ету үшін

1041 техника, оның ішінде 153 шнекоротор, 342 АЖМ (аралас жол машинары), 229 автогрейдер, 200 трактор, 52 бульдозер және 65 тиегіштер қолдану жоспарлануда.

Жиналыс соңында Желдікбаев Берік, қысқы мерзімге уақытылы дайындықты қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді салу қажеттігін атап өтті. «Әріптестеріме ескертемін, қолайсыз ауа-райы жағдайларына толық дайын болу қажетпіз және Ішкі істер министрлігі комитетінің төтенше қызметкерлерімен бірлесіп, жолда туындаған кез келген жағадайларға жедел көмек көрсету керек» - деді.




Яндекс.Метрика