Инвестициялар

Ақтөбеде инвестициялық форумы аясында 67,5 млрд теңгенің 16 меморандумына қол қойылды (ФОТО)

Ақтөбеде «AKTOBE INVEST 2016» IV халықаралық инвестфорумы өтуде.
Ақтөбе 28 Қыркүйек, 18:54

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл сайынғы экономикалық конференцияның мақсаты – экономкаға тартылған инвестиция сомасын көбейту, Ақтөбе облысы, шекаралас өңірлер, шетелдік инвесторлар және халықаралық қаржы институттарының, бизнес өкілдерінің өзара тиімді ынтымақтастығын арттыру.

Форум барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг өздері басқарып отырған өңірлер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына қол қойды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақтөбе облысы мен өңіраралық кооперацияны дамытуға ниетті. Жалпы алғанда инвестфорум аясында 16 меморандум мен келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әкімдігі,  «GasProcessingCompany» ЖШС және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  газды кешенді дайындау мен оған газ құбырларын тарту бойынша зауыт салу жобасын жүзеге асыруға ниетті.

Бұл жоба жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін ілеспе газды тиімді пайдалануға, өңірдің көгілдір отынмен қамтылуын арттыруға және облыстың эклологиясын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша Астанадан кейінгі әлемдік деңгейдегі екінші «IBIS» қонақүйінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруда облыс әкімдігі  «Өрлеу» ЖШС және «ACCOR Group» компаниясымен ынтымақтасатын болады. Одан өзге, Ақтөбе «индустриалды аймағының» шекарасында салынатын «А» сыныпты логистикалық орталықтың құрылысы туралы меморандумға қол қойылды. Логистикалық орталық батыс облыстардағы  ірі сауда компаниялары  қойма өнімдерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік аймағында орналасқан кәсіпорындар үшін сақтау қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қойманың алғашқы алаңы 10 мың шаршы метрден басталып, одан әрі ұлғаяды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы құны 2,2 млрд. теңге болатын  аквапрак  және Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында «А» класты кемпингі бар ауылшаруашылық өнімдерінің көліктік-логистикалық орталығының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Логистикалық орталықтың қуаттылығы 76 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек және 38 мың тонна ет өнімдерін құрайды. Өңірге Holiday, TASTEA және TASSAY сауда белгілерімен сусындар шығаратын «Евразия Боттлерс» ЖШС зауытының құрылысы есебінен 5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 85 млн. дана бөтелке.

Жас кәсіпкерлерді қолдау,  ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті және ішкі туризмді дамыту  үшін өңірлік іс-шараларды нығайту - инвестициялық форумның тағы бір жетістігі болмақ. Облыс әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ осы мақсат үшін 1 млрд. астам теңге бөлу туралы келісімге келді.

Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында жергілікті билік осы саладағы ең тиімді және қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып геологиялық барлауды жандандыруға  ниетті. Осыған сәйкес, Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ меморандумға қол қойылды.

Бұдан өзге, бүгін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Метрополитен» КМК (Алматы қ.) және т.б. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«АKTOBE INVEST 2016 IV халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған келісімдер мен меморандумдардың жалпы құны 67,5 млрд. теңгеден асты.

 





Яндекс.Метрика