Басқару

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 14:03

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне;

Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.

 

 

 




Яндекс.Метрика