Басқару

Ә.Байменов: Қазақстанда мемлекеттік органдардың ішкі менеджментінің деңгейін жетілдіру қажет

Қазақстанда мемлекеттік органдардың ішкі менеджментінің деңгейін жетілдіру қажет, Хаб басшысы Әлихан байменов.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:38

« Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, қызмет бабында жоғарылату жүйелерінде модельдердің бір-біріне өзара әсер етуі байқалады; бұл мемлекеттік қызметте таза мансаптық немесе позициялық модель іс жүзінде қалған жоқтығын көрсетеді; әрқайсысының ең озық жақтарын қолдану арқылы осы модельдер бойынша конвергенция үдерісі өтуде. Бұл мемлекеттік басқарудың доктриналық негіздеріне де тән. Мемлекеттік қызмет тиімділігі адам ресурстарының сапасына байланысты екендігі әлемге мәлім болғандықтан, адам ресурстарын басқару сапасына ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде іріктеу мен қызмет бабында жоғарылатуда ашықтық пен тазалыққа, мемлекеттік қызметтегі этика мен адалдыққа айрықша назар сала отырып, ұмтылыс байқалады», -  деп бас-басына атап көрсетті Хаб басшысы.

Ә.Байменов айтқандай,  мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік органдар жұмысын бағалауда үдерістер пен рәсімдерге екпін салудан гөрі нәтижелік пен мақсатты индикаторларға қол жеткізуге баса назар аударылуда. Бұл мемлекеттік органдарда менеджмент сапасын жақсарту, жоба менеджментін енгізу, жұмыс тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру арқылы көрініс табуда.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және аймақтық трендтер» атты кең көлемді зерттеу еңбегінің тұсау кесеріне қатысқан Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест-Филлипс Сингапур орталығы мен Астана хабы арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін айта отырып, мемлекеттік қызмет саласында белсенділік, елгезектік пен инновацияға баса көңіл аудару арқылы ойлау мен құндылықтар трансформациясы саласындағы бірлескен жұмыс маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасы бастамасымен, 25 ел және 5 халықаралық ұйым қатысуымен 2013 жылы құрылған Астана хабы Сингапур орталығы секілді мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибе алмасудың мойындалған халықаралық орталықтарының біріне айналды. Қазіргі уақытта, қатысушы-елдердің саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға жетті. Биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы жоғарғы деңгейдегі Комитеті 19-шы сессиясында Астана Хабына жоғары баға бере отырып, Хаб моделін көп жақты ынтымақтасуды дамытудың үлгісі ретінде тарату бойынша шешім қабылдады. 2014 жылы Хаб БҰҰ Басқармасының Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастық бойынша сыйлығымен марапатталған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика