Халықаралық интеграция

Д.Бин: Қазақстанға келетін қытайлық туристер ағыны 13,6 пайызға өседі

Қазақстанға жыл сайын қытайлық туристердің келу ағыны шамалап 13,6 пайызға өседі, деді ҚХР туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасының арнайы өкілі, Қытай туризм академиясының президенті Дай Бин Астанадағы Қазқастан-Қытай форумында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:36

«Қазақстан көптеген қытайлықтарға  танылмаған  мемлекет болып саналады. Ал, Қытайдан Қазқастанға келетін  туристер бойынша көрсеткіш артуда.  Қазақстанға жыл сайын   қытайлық туристердің келу   ағыны  шамалап  13,6 пайызға өседі. Биылғы жылдың басында  қазақстандық туристердің Қытайға баруы айтарлықтай қысқарды. Қытайдағы шығыс туризмінің  өсуін ескере отырып, екі ел арасындағы туризм жағдайы  үкіметтің және әкімшілік ведомстволардың күтуін қанағаттандырмай отыр», - деді ол.

Қытай туризм академиясының  президенті айтқандай, Қытай мен қазақстан арасындағы  байланыс  әлі де қажетті деңгейге шыққан жоқ.

Айта кетейік, Астанада  Қазқастан-Қытай   туристік форумы өтіп жатыр.    Форумның мақсаты – еліміздің жағымды туристік имиджін қалыптастырып, ілгерілету. Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы өзара табысты әріптестіктің дамуына жәрдемдесу. Екі елдің мемлекеттік органдары мен туристік индустрия өкілдерінің арасындағы сұxбатты қамтамасыз ету.




Яндекс.Метрика