Салық саясаты

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша сыйақы түрінде қосымша салықтық шегерім енгізіледі

Қазақстанда «ҚР азаматтарының мүлкі мен кірісін декларациялау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сай денсаулық сақтау, білім беру мен ипотекаға қосымша бірқатар салықтық шегерім қарастырылған, деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Руслан Даленов жаппай декларациялау мәселесі бойынша дөңгелек үстел барысында.
Нұр-Сұлтан04 Желтоксан , 13:32

«Жалпы, қазіргі кездегі жеке тұлғаларға арналған шегерімдердің барлығы сол қалпы сақталады. Оларға қосымша тағы да бірқатар шегерімдер қосылады. Атап айтар болсақ, олар – білім беру, денсаулық сақтау және ипотекалық шығындардың шегерімі. Мұндай шегерімдер ең көп дегенде 800 мың теңгемен шектеледі. Мұның барлығы алғашқы кезең үшін», - деді Р.Даленов.

Оның айтуынша, салықтық шегерімгің ең көбі 822 924 теңгемен белгіленеді. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінен 36 есе үлкен екені белгілі.

Шегерімдердің жоғарғы сомасын анықтауға қатысты Даленов тек қана тәжірибеден өткізіліп, қабылданылғаннан кейін ғана қарастырылатынын айтты.

Заң жобасы аталмыш шегерімдерді 4 және одан да көп балалы отбасылар, оқудағылар, ерікті медициналық сақтандыру қызметін пайдаланатын азаматтар, ипотекадағылар қолдана алмақ.

Айта кету керек, қарыз бойынша сыйақы түрінде қосымша салықтық шегерім жылына 10 минимумдық айлық табыс көлемі болып табылатын 228 мың теңгемен шектеледі.




Яндекс.Метрика