Парламент

Депутат Г.Қарағұсова тиімді бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныс жасады

Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен қатар қайтарып беруге кепілдік беретін ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны әзірлеу қажет. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:21

«Мәжіліс комитеті кепілдемелік тұрғыда бірқатар ұсыныстар дайындауда. Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитет әлеуметтік саладағы барлық министрліктер әлеуметтік нысандардың құрылысына бақылау жүргізу керектігін айтады. Сонымен қатар, аталмыш салада әлеуметтік нысандардың құрылысы барысында МЖӘ құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру керектігін айтады»,-деді Г.Қарақұсова.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі шығындарды тиімді жоспарлау үшін алушылардың контингентіне зерттеу жүргізуі керек.

«Мәдениет және спорт министрлігіне бюджеттік кездесуледі тиімді пайдалану мақсатында алдыңғы міндеттемелерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек. Қаржы және бюджет бойынша комитет бюджеттік қаражаттың уақытылы игерілуіне және Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындауға қатаң бақылау жасау керектігін айтады. Өйткені шамамен 380 млрд теңге көлеміндегі аталмыш қаражат қаржының соңғы жылында бөлінеді. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне  ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен қатар қайтарып беруге кепілдік беретін  ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны әзірлеу қажет»,-деді Г.Қарағұсова.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика