Ұлттың денсаулығы

АҚШ Қазақстанға жалған медикаменттердi нарықтан алып тастауға көмек көрсетіп жатыр

АҚШ Қазақстанға жалған дәрі-дәрмекті нарықтан алып тастауға көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Джордж Крол «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау: ұлт саулығын қорғау» тақырыбындағы экономикалық саясат жөнiндегi форум барысында мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:06

«Соңғы жылдары Қазақстанда туберкулез ауруының көрсеткiшi екi есеге азайды. Қазақстан жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша маңызды жұмыс атқарды.

Ол айтқандай,  елде  туберкулезге қарсы күрес ұлттық бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ол да туберкулезбен күреске бағытталған дәрi-дәрмекпен емделу жүйесiн дамытады. Және де бiз Қазақстанмен бiрге жаңа технологияларды енгiзу бойынша жұмыс iстеп жатырмыз.

«Жалған медикаменттердi пайдалану керi нәтиже беруi мүмкiн, сондықтан, дәрi-дәрмектiң сапасы өте маңызды. Сапасыз дәрi тiптi өлiмге де душар етеді. Бұл мәселе – әлемдiк қауымдастықтағы өзектi проблемалардың бiрi. Егер антибиотиктер көмектеспесе, олардың жалған болғаны, емдеуде одан басқа мүмкiндiк жоқ. Бiздiң ынтымақтастық заңсыз дәрi-дәрмектi анықтап, тәркiлеуді қарастырады», - дейдi елшi.

Оның айтуынша, заңсыз дәрiлiк заттарды бақылауды бiр мемлекеттiк орган ғана жасай алмайды. Бұл салада қоршаған орта, әдiлет, бiлiм және басқа да салалардың ынтымақтастығы қажет. Және бұнымен мемлекет те жалғыз күресе алмайды.

 




Яндекс.Метрика