Парламент

Г.Қарағұсова: Қаражатты қайта бөлу үшін министрліктерге қосымша 90 млрд теңге бағытталады

Республикалық бюджетті нақтылау жобасының аясында 15 бюджеттік бағдарламаның әкімшілері 2016 жылдың қаражатын 90,2 млрд теңгеге шығынның көбеюін жүзеге асырмау арқылы қайта бөлді, деді Парламент Мәжілісінде Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:54

«Заң  аясында  республикалық бюджетті нақтылау  жобасының  аясында  15 бюджеттік  бағдарламаның  әкімшілері   2016 жылдың қаражатын   90,2 млрд теңгеге  шығынның көбеюін жүзеге асырмау арқылы   қайта бөлді. Қосымша қаражаттың басым бөлігі Инвестициялар және даму министрлігі (146,6 млрд) мен Ұлттық экономика министрлігіне (155,1 млрд) бөлінбекші. Қалған ақша Ауыл шаруашылығы министрлігіне (97,3 млрд), Білім және ғылым министрлігіне (40,4 млрд), Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне (14,9 млрд), Қаржы министрлігіне (58,6 млрд), Мәдениет және спорт министрлігіне (7,1 млрд) беріледі. Сондай-ақ ел қауіпсіздігі саласындағы шараларды атқару үшін Қорғаныс министрлігіне қосымша 52,7 млрд теңге бөлу қарастырылған»,-  леді ол.

Оған қоса, алдын ала есептелген шығынды қысқартатын әкімшілер  бар.

«Оның ішінде қаржы министрлігі – 56,6 млрд теңге, Ұлттық экономика министрлігі – 39,7 млрд теңге,  халықаралық қаржы арқылы жүзеге асып жатқан жобалар бойынша  28,9 млрд теңге, мыртқы қарыз  бен грант  бойынша 5,6 млрд теңге», - деді депутат.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі  өз шығысын 2017 жылға алдын ала қабылданған шаралар мен  Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада ойындарын өткізуге  орай   дайындықтың жоспарлануы бойынша  7,1 млрд теңгеге қысқартып отыр.

«Республикалық бюджет тапшылығы  2016 жылы  902,7 млрд теңге немесе 2 пайыз ЖІӨ деңгейінде қалды», - деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы  заң жобасына енген өзгертулерді мақұлдады. 




Яндекс.Метрика