Басқару

Қазақстан туризмді дамыту бағдарламасын әзірлеуде

Қазақстан туризмді дамыту бағдарламасын дайындауға кірісуде, деп Астанада өткен Қазақстан-Қытай туристік форумында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:49

«Кеше ғана ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ведомствоаралық үкіметтік жұмыс тобын құруды тапсырды. Келесі апта туризмді дамыту бағдарламасы бойынша қажетті жұмысқа кірісіп қалармыз деп отырмыз. Өзекті мәселелер легін барынша кеңінен қамту керек. Бұл виза мен кеден, көші-қон қызметтері, автомобиль жолдары, жеңілдіктер түрі, мемлекеттік қолдау, - деп келтірген Абылай Мырзахметов Палата мамандары дайындаған Өңірлік кәсіпкерлікті даму картасында туризмнің басымдыққа ие бағыттардың бірі екенін атап өтті. – Өңірлік палаталар мен әкімдіктер бірлескен райда, туризмді дамытудың жол картасын қарастыруда. Бұл іске қонақ үйлер мен шипажайлар, көлік компаниялары, тамақтану орындары сынды жеке бизнес те тікелей тартылғаны жөн»,-деді А.Мырзахметов.

Ұлттық палата басшысының айтуы бойынша, ҰКП дайындаған кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында туризм басым салалардың бірі ретінде көрсетілген.

«Жылдың басында барлық өңірлік палаталарға әкімдіктермен бірге туризмді дамытудың жол картасын әзірлеу тапсырмасы бірілді. Бұндай жұмыс Алматы қаласында жасалды. Бұл жұмысқа тек меморгандарды ғана тартып қоймай,сонымен қатар турбизнестің тұлғаларын жұмылдыру керек: тамақтану салсында қызмет көрсететін қонақтүйлердің , шипажайлардың, көліктік компаниялардың басшылары немесе менеджрлері»,-деді ол.

А.Мырзахметов бүгінгі күні ірі мұнай сервистік компаниялар туристік салаға көмек көрсетуге дайын екендігін  айтты.

«Олар туризмге инвестицияны ынталандыру бойынша бағдарлама болғанын қалайды. Біз жылдың соңына дейін бағдарламаны дайындауға тырысамыз. Туризм – бұл үлкен мультипликативті әсер беретін сала»,-деді ол.

 




Яндекс.Метрика