Парламент

Н.Нығматулин: ҚР Үкіметіндегі әріптестеріміздің тиімді және нәтижелі жұмысына үміттенеміз

Мәжіліс төрағасы ҚР Үкіметін Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша бөлінген қаражатқа түсіністікпен қарауға және Мемлекет басшысы тапсырған нәтижені қамтамасыз етуге шақырды.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 12:21

"2016-2018 жылдарға арналған респуликалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы мақұлданды. Қабылданған түзетулер бірінші кезекте кеңейтілген Үкімет отырысының қорытындылары бойынша  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға жолданды және сөзсіз олар экономикалық өсуге ықпал етуге, ірі инвестициалық жобаларды жүзеге асыруға және халықтың жұмыс жасуаын қамтамасыз етуге ықпал етеді - деп қорытындылады Нұрлан Нығматулин.

Парламенттің төменгі палата спикерінің  айтуынша, мұндай қиын жағдайда бұл - елдің барлық стратегиялық бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. "Осыған байланысты біз  Үкіметтегі әріптестерімізден тиімді әрі нәтижелі жұмысына үміттенеміз.

Бүгінгі күні бізге аз қаражат бөлініп отырған  жоқ, бұл - 380 млрд. теңге. Уақытша мерзім көп емес, біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні бөлінген  қаражатқа түсіністікпен қарауымыз керек,  қалған уақытта оларды игеріп оң нәтиже береді еп үміттенеміз" - деп ҚР Мәжілісінің Төрағасы қорытындылады.





Яндекс.Метрика