Ұлттың денсаулығы

Алматыдағы экзотикалық аурулар орталығы әлем ғалымдарымен ынтымақтасады

Алматыдағы Халықаралық экзотикалық аурулар орталығы инфекциялық аурулармен күрес алаңына айналады. Бұл туралы «Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын қорғау» форумы барысында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:19

«Адам денсаулығына өрескел зиян келтіретін аурулардың қауіпі бар әлем бойынша сейілмей тұр. Өткен айда  Алматыда Халықаралық экзотикалық аурулар орталығы ашылды. Бұл Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың бір бөлігі болып табылады.Орталықтың жұмысы  Қазақстан халқының денсаулығын арттыруға ғана емес,  бұл өңірде тұратын барлық адамдарға жәрдем көрсету  болып табылады», - деді ол.

Ол айтып өткендей, қазақстандық ғалымдар  барлық әлем қауымдастығының  ғалымдарымен  бірлескен жұмыс жүргізеді.

«Билогиялық патогендер  ұлттық шекараны есептемейді,  оларға виза мен  төлқұжат керек емес.  Сондықтан барлық әлем сарапшылары  аталмыш қауіптер  бойынша жұмыс істеуі қажет. Алматыдағы орталық  осы іспен айналысады», - деді елші.

Джордж Крол айтып өткендей, Қазақстан  25 жыл бұрын ядролық қарудан бас тартты. Оның айтуынша,  бұл тек әлемдік қауіпсіздікке ғана емес,  әлемдік денсаулық сақтау саласына өз әсерін тигізді.

«Биыл Қазқастанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланады. Сондай-ақ, біз  Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың ширек ғасырын мерекелейміз. Қазақстан жаһандық қауіпсіздіктің күн тәртібіне серіктес болғанына қуаныштымыз», - деді елші. 




Яндекс.Метрика