Халықаралық интеграция

Қазақстан Қытайдан туристерді тартуға ниетті

Қазақстандық туризм Қытай Халық Республикасынан келген турситерге биімделуде, деп «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай туристік форумында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:17

«Өткен жылы ADS-визасы бойынша келісім жасалды және оларды беруді бастадық, бірінші топ та болып қайтты. ADS-визалар – ол топтық виза, яғни қытайлықтар келеді, орналасады және топпен саяхат жасайды. Әзірше 300 адамнан тұратын бірнеше топ кірді. Шығыс Қазақстан облысында кәдесыйлар мен өнімдер сатып алуға ғана 2,5 млн теңге жұмсалды деп өңірлерден адамдар жазып жатты»,-деді Ю.Якупбаева. 

Оның айтуы бойынша, Қазақстан қытайлық туристерді тартуға ниетті. Өткен жылы ғана, қытайлық БАҚ-тың статистикасы бойынша, шетелге ҚХР 120 млн-нан астам азаматы демалуға шықты. Оларға 100 млрд доллар көлемінде ақша жұмсалды.

«Келесі жыл Қазақстанда Қытайдың туризм жылы деп жарияланды, ЭКСПО болады. Егер бүгін біз ресейлік, ағылшындық туристерді қабылдауға дайын болсақ, қытайлық туристерді қабылдауға нақты дайындық керек. Бірінші кезекте тілді білумен байланысты, біз олардың дәстүрін білуіміз керек. Сол үшін осы форумды өткізіп жатырмыз»,-деді Ю.Якупбаева. 
Аталмыш форум турбизнес үшін өте маңызды алаңы болып табылады, деп Қазақстан туристік агенттік қауымдастығының президенті Әсел Нұрбекова мәлім етті.

«Аталмыш форум турбизнес үшін өте маңызды. Біз Қытай нарығымен тығыз байланыс орнатуға ниеттіміз. Бұл форум осы нарықты терең білуге,олармен жұмыс істеуге және бизнесті қытай нарығына бейімдеуге мүмкіндік береді. Осы форум аясында көрші мемлекеттің туристік операторлармен ақпараттық байланыс орнады. Өз кезегінде біздің туроператорлар бұл бастаманы қолдап отыр. Ақпараттық тур Алматы және Астана қаласында болды. Біздің әріптертерімізге бұл бастамаға көңілдері толады. Оларға Қазақстан ұнаған. Менің ойымша, қытайлық әріптестеріміз бізге көптеген туристер жіберетін болады», - деді президент.

Сонымен қатар Әсел Нұрбекова аталмыш туристік форум елімізде осы саланың дамуына тың серпін беретіндігін атап өтті.
«Алдағы уақытта Қытаймен туристік қарым-қатынас орнату бойынша көптеген жұмыстар атқару қажет. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында Қытай азаматтарын елімізге топтық туристік саяхаттарын жеңілдету туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл қос елдің арасында туризм саласын дамытуға тың серпін берді. Мысалы, 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша нәтижелер жақсы. Бизнес ояна бастады. Шетелге туристер жіберіп отырған туристік операторлар осы бағытқа да мән бере бастады. Біз қонақ үйлермен келісімге келудеміз. Жоғары аталған меморандум бойынша. Біз Қытай нарығымен ғана емес, Ресей, Иран, Үндістан нарығымен де жұмыс істейтін боламыз. Қытайлық туристер үшін еліміздің барлық өңірі қызықты. Мысалы, Алматы облысы, Астана, ШҚО, ОҚО, СҚО», - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан туристік агенттік қауымдастығының президенті алдағы уақытта қазақстандық туризмнің Қытай нарығына бейімделетіндігін айтты.
«Қытайлық туристер – әлемде саяхатқа ең жиі шығатын азаматтардың бірі. Өткен жылы Ресейге 1 млн туристі қабылдаған. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алдағы жылы бізде осындай көрсеткішке жетеміз деген үміттемін. Қазіргі таңда қонақ үйлер, мейрамханалар және туристіқ қызмет көрсету саласы белсенді жұмыс істеуде. Мұндағы әрбір туристік оператор өз қызметін сапалы жүргізуге тырысады. Қытайға 7 күндік саяхаттың орташа бағасы 320 доллардан басталады. Бізде туризмді дамыту бойынша 2020 концепциясы бар. Қытай тілін меңгерген қазақстандықтардың саны артып келеді. Олар Қазақстанда сұранысқа ие. Біз оларды оқыттық. Бүгінде олар кәсіби деңгейге жетіп, қытайлық туристерге қызмет көрсетуде. Ондай гидтердің саны 20. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы жылы 400 мың қазақстандық шетелге шыққан. Алдағы уақытта отандық туризм Қытай нарығына бейімдеу бойынша жұмыстар атқарылады», - деп түйіндеді сөзін Әсел Нұрбекова.




Яндекс.Метрика