Парламент

Мәжіліс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет заңына енген өзгертулерді мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу» Заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:09

«Заң  жобасы  2016-2020  жылдарға  арналған  әлеуметтік-экономикалық даму  болжамына  енген түзетулерге сәйкес  2016 жылға арналған республикалық бюджетке толықтырулар  енгізді. Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы құнсыздану 6-8 пайыздық деңгейде болады. Түзетілген макроэкономикалық болжамдардың негізінде, сонымен қатар салықтық түсімдердің динамикасы негізінде ағымдағы жылдың басынан бастап 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері анықталды. Осылайша, трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттің кірісі 2016 жылы 4 трлн 200 млрд теңге көлемінде бағалануда, ол бекітілген жоспардан 834,9 млрд-қа жоғары», - деді Парламент мәжілісінде  Қаржы және бюджет  комитетінің  төрағасы  Гүлжана Қарағұсова.

«Республикалық бюджет шығындары  2016 жылы  8 646,7 млрд теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан  379,9 млрд теңгеге  жоғары.   Бюджеттік шығын бағытын нақтылаудың басым бағыттары:  экономикалық өсімді 283,4 млрд теңгеге жеткізуге ынталандыру. Оның ішінде: АӨК қолдауға – 97,3 млрд теңге,  индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін  жүзеге асыруға – 11.9 млрд теңге,  көліктік инфрақұрылымды дамыту – 74,2 млрд теңге. Қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларға  70,2 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 42,7 млрд теңгесі Елбасының  діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тәртібінің нығаю тапсырмасын орындауға бағытталады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика