Парламент

Қазақстанда 2016 жылы республикалық бюджеттің кірісі 4,2 трлн теңгені құрады

Трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттің кірісі 2016 жылы 4 трлн 200 млрд теңге көлемінде бағаланды, ол бекітілген жоспардан 834,9 млрд-қа жоғары, деп ҚР ұлттық экономика минитсрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 11:54

Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы құнсыздану 6-8 пайыздық деңгейде болады. Түзетілген макроэкономикалық болжамдардың негізінде, сонымен қатар салықтық түсімдердің динамикасы негізінде ағымдағы жылдың басынан бастап 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері анықталды. Осылайша, трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттің кірісі 2016 жылы 4 трлн 200 млрд теңге көлемінде бағалануда, ол бекітілген жоспардан 834,9 млрд-қа жоғары»,-деді Қ.Бишімбаев.

Минстрдің айтуы бойынша, корпоративтік табыс салығы бойынша 219 млрд теңгеге артығымен орындалудың негізі күтіледі. ҚҚС- макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі есебінен 199 млрд теңгеге өсім күтілген. Сонымен қатар, мұнайға 20-дан 35 доллар/тонна дейін электронды сауда алаңында мөлшерлеменің көтерілуі есебінен ЭСА бойынша мұнай 197,5 млрд теңгеге көтеріледі.

«Сонымен қатар, 113,5 млрд теңгеге дейін салықтық емес түсімдер бойынша болжам ұлғайтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында басым жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру үшін қосымша 379,9 млрд теңге қаражат беру қарастырылуда»,-деді министр.

Бөлінген қаражаттың 283,4 млрд теңгесін нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге және экономикалық өсуді ынталандыруға беру ұсынылуда.




Яндекс.Метрика