ҚР Президентінің Жолдауы

«БЖК»: Қызылордада «Достық» қонақ үй кешені ашылды

Қызылорда қаласының орталығында салтанатты түрде «Достық» қонақ үй кешені ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда28 Қыркүйек , 14:57

Аумағы 1940 т.метрден аса кешеннің құрылысына 320 млн. теңге, оның ішінде 175 млн.теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында салынды.

Компания соңғы үлгідегі және жоғары сапа талаптарына сай келетін ғимараттың құрылысын аяқтау үшін «Даму» Қорының 50% кепілдендіруімен 175 млн.теңге несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпорынның берешек ауыртпалығын жеңілдету мақсатында несиенің 7% үстемесін мемлекет өтеп беруде. 

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарының атынан кәсіпкер М.Шалғымбаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қонақ үйдің қала бойынша ең көлемі үлкен орталықтардың бірі екенін және қала тұрғындары мен қонақтары тұрақтайтын жайлы әрі қолайлы орынға айналатынын ескере кетті. Айта кететін тағы бір жайт, жоба аясында жаңадан 20 тұрақты жұмыс орындары ашылды.




Яндекс.Метрика