Парламент

Қ.Бишімбаев 2016 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын айтты (ФОТО)

Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылы мұнай бағасының болжамын барреліне 30-дан 35 долларға дейін бағалап отыр, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мәжілістегі 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасына енген өзгертулерді талдау барысында.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 11:42

Парламент Мәжілісінде  «2016-2018 жыдарға арналған республикалық бюджет  туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қаралуда.

«Әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып,  тауар нарықтары мен қазақстандық экономика салаларын дамытудың нәтижесінде  жыл басынан бері  2016 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің  болжамы нақтыланды. Мұнай бағасының  орташа жылдық көрсеткіші  барреліне 30-дан 35 долларға көтерілді.   2015 жылғы деңгейде метал бағасының өзгеру индексі  15 пайыздан  12,7 пайызға дейін төмендеді, орташа жылдық курс доллары  бір долларға  360 теңге деңгейінде сақталды,  мұнай өндіру   мұнай бағасының орташа есептік көрсеткішінің артуы мен «Қашағанның»  қазанда іске қосылуына байланысты  74 млн-нан 75,5 млн тоннаға көтерілді», - деді министр.

Министрдің баяндамасына сәйке,  ЖІӨ  номиналды көрсеткіші 44 трлн  354 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр,  ол ақпанда мақұлданған көрсеткіштен  187. 5 млрд теңгеге жоғары. ЖІӨ адам жанына шаққанда  6,9 мың долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсім көлемі  2016 жылы 3,5 пайызды құрайтындығы болжанды. 2016 жылы өнеркәсіп  1,7  пайызға төмендейді.

Сауда саласында  3,5 пайыздық төмендеу байқалса,  көлік  және қоймалау  4 пайызға өседі.

Сурет:  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика