Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі негізінде және Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымдары сарапшыларының ұсыныстарымен Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет интеграциясы, СӨС қызметі мен тамақтандыруды оңтайландыру арқылы қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады, деп денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 11:34

«Біз жақын арада Ұлттық экономика министрлігімен адамдардың денсулығын сақтау қызметіне байланысты жұмысты аяқтадық. Осы ретте бізбен бірігіп жұмыс жасаған АҚШ-тың елшісіне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Менің ойымша, жұмыс тобы аясында тиісті тұжырымдаманы жасадық деп есептеймін»,-деді министр.

Өз кезегінде әділет министрі Марат Бекетаев дәрі-дәрмектердің сапасын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтардың маңыздылығы атап өтті.

«Ұлттың денсаулығын қорғау Үкіметтің және тұтастай мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады және бұл жерде тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету туралы ғана айтылып тұрған жоқ.  Жалпы адам денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігі дәрілік заттардың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарға байланысты»,-деді Марат Бекетов.

Сонымен қатар, ол сөз барысында Үкіметтің азаматтарға жаңа заңды таныстыратындығын айтып өтті.

«Осы жылдар бойы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ынтымақтастық жасап келеміз. Оларға реформаны өткізуге көмектесудеміз және барлық реформалар үшін құқытық тәртіпті ұсынудамыз. Қазан айында үкімет жаңа заңды таныстырады. Мен қатысушыларға табысты талқылаулар тілеймін. Ол Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін негіз болады деп сенемін»,-деді министр.

Естеріңізге сала кетйік, бүгін Астанада «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау: ұлт саулығын қорғау» тақырыбындағы экономикалық саясат жөнінде Форум өтті. Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Әділет Министрі Марат Бекетаев, Қазақстандағы АҚШ және Канаданың Төтенше және Өкілетті елшілері Джордж Крол мен Шон Стэйл, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович және т.б. қатысты.




Яндекс.Метрика