Парламент

Б.Сұлтанов: Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теңгені құрайды

Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан 379,9 млрд теңгеге жоғары. Бюджеттік шығын бағытын нақтылаудың басым бағыттары: экономикалық өсімді 283,4 млрд теңгеге жеткізуге ынталандыру, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 11:08

«Республикалық бюджет шығындары  2016 жылы  8 646,7 млрд теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан  379,9 млрд теңгеге  жоғары.   Бюджеттік шығын бағытын нақтылаудың басым бағыттары:  экономикалық өсімді 283,4 млрд теңгеге жеткізуге ынталандыру. Оның ішінде: АӨК қолдауға – 97,3 млрд теңге,  индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін  жүзеге асыруға – 11.9 млрд теңге,  көліктік инфрақұрылымды дамыту – 74,2 млрд теңге», - деді Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларға  70,2 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 42,7 млрд теңгесі Елбасының  діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тәртібінің нығаю тапсырмасын орындауға бағытталады.

«Шығын бөлігіне  жобалар бойынша міндеттерді  орындау 136,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің уақытылы ұйымдастырылуы мен дайындығын жеделдету мақсатына 33,5 млрд теңге,  «Назарбаев Университеті»  ААҚ ғылыми және білім нысандары құрылысын «ЭКСПО-2017» нысандарымен синхрондауға 53,3 млрд теңге, «Астана жаңа көліктік жүйесі»  жобасының мемлекеттік кепілдендіруі бойынша мемлекеттік емес қарызды қаржыландыруға  27,1 млрд теңге бағыттау қарастырылған», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бюджеттік шығынның тиімділігін  арттыру мен жыл соңында игерілеу мәселесіне душар болмау мақсатында бюджетті нақтылау жобасында экономика жағдайында қаражатты қайта бөлу бойынша әкімшілердің ұсыныстары  есепке алынды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика