Парламент

Б.Сұлтанов: Ұлттық қордан бөлінген трансферт көлемі 400,3 млрд теңгеге қысқартылды

Жыл басынан бері кірістер енуінің макрожоспарын түзету мен өсімін реттеу шығындарды қысқартусыз заң жобасына қосымша пакет құруға мүмкіндік берді. Кірістер жоспарының ұлғаюы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін 400,3 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістегі жалпы отырыста мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 10:57

« «2016-2017 жылдарға арналған республикалық бджет туралы»  ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы  Мемлекет басшысының  мемлекеттік қолдау арқылы  экономика өсімін қамтамасыз етуі тапсырмасы бойынша әзірленді. Қаржыландырудың басым бағыттары: біріншіден,  агроөндірістік кешен мен  экспорттық әлеуетті арттыру  аясында  экономиканы  әртараптандыру. Екіншіден,  көліктік инфрақұрылымды  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында дамыту. Жыл басынан бері  кірістер енуінің макрожоспарын түзету мен өсімін реттеу  шығындарды қысқартусыз  заң жобасына қосымша  пакет құруға мүмкіндік берді.  Кірістер жоспарының ұлғаюы  Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт  көлемін   қысқартуға мүмкіндік берді. 2016 жылы трансферттің есебінсіз  4200,2 млрд теңгеге бағаланды.  Ол бекітілген жоспардан 834,9 млрд теңгеге көп», - деді Б.Сұлтанов.

Министр айтып өткендей,  кірістер жоспарының ұлғаюы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт  көлемін 400,3 млрд теңгге қысқартуға мүмкіндік берді.

«Оның көлемі нақтыланған бюджетте 2 880 млрд теңгенің  орнына   2 479,7 млрд теңгені  құрап отыр.  Ұлттық қордан мақсатты трансферт  54,5 млрд теңгеден 52,9 млрд теңгеге қысқартылды», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика