Парламент

Мемлекеттік бюджетте кірістердің өсуі ҚР Ұлттық қордан бөлінген трансфертін азайтуға жәрдемдеседі

Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірістерінің артық орныдалуына сәйкес, ҚР Мәжілісі 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бекітілген трансферт мөлшерінің төмендеуіне байланысты заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 10:49

Парламенттің төменгі палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады. ҚР Мәжілісінің қаржы және бюджет бойынша комитеті заңнама бойынша оң қорытынды берді.

«Заң жобасымен 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету көзделген. Республикалық бюджеттің артығымен орындалуын ескере отырып, ағымдағы жылы Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу мақсатында республикалық бюджеке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті  2 трлн 880 млрд теңгеден 2 трлн 479,7 млрд теңгеге дейін қысқарту көзделген»,-деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, босатылған 413 млрд теңге саланың үздік динамикасының есебіне беріледі.

«Мұнай бағасы 30 доллар деңгейінде болды, бүгін 8,5 ай ішінде оның бағасы 40,5 доллар деңгейінде тұр. Экспорттық кедендік баж салығы бойынша 179 млрд теңге, мұнай өндірудің болжамы бойынша, бізде жақсы динамика байқалады: егер 2016 жылдың жоспарында 74 млн тонна болса, бүгінгі күні 8 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру белгіленген жоспардан артық болуда»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша, мәжілісмендер ұсынылған заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Одан әрі, заңнамалық тәртіп бойынша заңның жобасын ҚР Сенаты қарастырады.

 




Яндекс.Метрика