Евразиялық одақ

ЕЭК пен Мажарстан АӨК саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Будапеште (Мажарстан) ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен бойынша министрі Сергей Сидорский және Мажарстанның ауыл шаруашылығы министрі Шандар Фазекаш агроөнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтастық туралы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Венгрияның ауыл шаруашылық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Әлемде28 Қыркүйек , 15:34

Меморандум ЕЭК және Венгрия елдері арасында тауар айналымын жоғарылату бойынша ЕЭК пен Венгрияның ауыл шаруашылық министрлігінің қарым-қатынастарындағы негізгі бағыттары мен формаларын анықтайды»,-деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметінде.

«Біз ауыл шаруашылығы дамыған және айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктері бар ел ретінде Мажарстанның  тәжірибесіне қызығушылық танытамыз»,-деді ЕЭК министрі Сергей Сидорский.

Тараптар ВМажарстан  мен ЕО елдері арасында ауыл шаруашылық өнімдерін сату саласында ынтымақтастықтарын жандандыруға шешім қабылдады. Бұл жерде жемдерді, тұқымдарды сатып алу туралы айтылып тұр. Сонымен қатар, технология және тамақ өнеркәсібінің инвестиция саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

Кедергілерді жою және жалпы еуропалық нарыққа Одақ елдерінің өнімдеріне қол жеткізу мақсатында сарапшылар АӨК саласында Еуразиялық және Еуропалық Одақтың техникалық регламенттерін үйлестіру бойынша жұмыстарына кіріседі. Мажарстанның  тәжірибесі пайдалы болады. Өйткені олар ЕО кіру кезінде бұл үрдістің жолынан өтті.

С.Сидорский венгриялық тарапқа «Одақ аумағында өңдеу өнеркәсібін оқшаулау үшін жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алмау керек» екендігін айтты.

«Агроөнеркәсіптік кешен саласында Мажарстанның Комиссиямен бірігіп жасаған жұмысы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үдерістерін одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетін болады»,- деді ЕЭК минитсрі.




Яндекс.Метрика