Ұлттың денсаулығы

2018 жылдан бастап қазақстандық дәрілік заттар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі

Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын сақтау» форумы аясында «2018 жылдан бастап қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілерді тек қана халықаралық стандартқа сай келетін дәрілік заттарды шығаруға міндеттейтін болады, деді ҚР Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 09:57

«Біз қазірдің өзінде Еуразиялық  қауымдастықпен бірыңғай нарық құру үстіндеміз. Осы шартқа қол қоя отырып, біз  Қазақстанға жеткілзілетін барлық дәрілік заттардың халықаралық стандартқа сай  болуы қажеттігін мойындадық», - деп хабарлады форумда Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрі.  Сонымен қатар, қазақстандық дәрілік заттардың желісі халықаралық стандартқа сай өнімдерді  шығаруды қамтамасыз етуге міндетті болатындығын айта кетті.

«Қазақстандық өндірушілер  2018 жылдан бастап фармпрактикаға   сай келетін өнімдерді шығаруды қамтамасыз  етуге міндетті. Сондай-ақ зертханалық, клиникалық зерттеулерге, көтерме  саудагерлерге, дистрибьюторларға, қоймалары барлар мен дәріхана арқылы сатушыларға  да талаптар қойылатын болады. Менің ойымша, осы саясатты жүргізе отырып, біз  өзіміздің басты биологиялық қауіпсіздігіміз бен дәрілік қамсыздандырудың   тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етеміз», - деп айтып өтті Т.Дүйсенова.

Сонымен қатар,  Британдық  ұлттық формуляр базасында қазақстандық ұлттық формуляр әзірленді.

«Біз алғаш рет қазақстандық  ұлттық формулярды әзірледік. Біз оны Британдық ұлттық формуляр базасында әзірленді.Біздің басты кеңесшіміз бен сарапшымыз, жұмыс тобының өкілі Дункан мырза болды,ол Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының модулі болып табылатын Британдық  ұлттық формулярды әзірлеуші», - деді Тамара Дуйсенова.

Сонымен қатар, министрдің  айтуынша контрафактілік өнім, мемлекеттік сатып алу, Қазақстан сатып алатын және өндіретін өнімдердің сапасы бөлігіндегі американдық сауда палатасымен  жұмыстар жүргізілуде.




Яндекс.Метрика