Халықаралық интеграция

Ақтөбе облысы Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейтеді (ФОТО)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті.
Ақтөбе 28 Қыркүйек, 15:16

Екі күндік ресми сапары барысында Ато Браун Ақтөбе қаласында өтетін «AktobeInvest - 2016» IV халықаралық инвестициялық форумына қатысады, деп хабарлайды аймақ әкімдігінде.

«Мемлекет басшысы халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу есебінен экономикаға қосымша қаражат тарту бойынша тапсырма берді. Осыған орай, Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытамыз және ол әлем экономикасында Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады»,-деді Б.Сапарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банктың қолдауы арқасында облыстың аумағында жоба іске асырылды және ол аймақта көліктік-логистикалық әлеуетті жақсартуға көмектеседі.

Қазіргі күні бірлесіп «Орталық-Батыс» өңірлік жол дәлізі дамуының жобасын дайындауда және ол Ақтөбе облысын тікелей Астана қаласымен біріктіретін болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің қолдауымен бірнеше салаларда институционалдық әлеуетті көтеру бойынша  жобалар іске асырылуда.

Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі ұйымның болашақта ынтымақтасуға дайын екендігін айтып өтті.

«Біз Қазақстан Үкіметімен жұмыс істеуді асыға күтеміз және Тәуелсіздіктің  25 жылы ішінде республиканың  жетістіктерін  мақтан тұтамыз. Экономиканы дамыту және басқа да салаларда ынтымақтасуға ниеттіміз. Соңғы кездері Ақтөбе облысына нақты назар аударып жүрміз»,-деді Ато Браун.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі ынтымақтастықты өзектендіруге байланысты, Ақтөбе облысын әр жарты жылда бір рет барып тұруға ниеттерін білдірді.





Яндекс.Метрика