Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамалары МАГАТЭ- нің Бас конференциясында айтылды

Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Бас конференциясының 60-шы сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Әлемде28 Қыркүйек , 10:13

164  мүше  елдің делегациясы жыл сайынғы МАГАТЭ  баяндамасы мен  физикалық ядролық қауіпсіздік  баяндамасы, агенттіктің бюджеті мен бағдарламасын қарайды. Бас конференцияның назарында ядролық энергетиканы дамыту перспективалары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік  саласындағы ынтымақтастықтың нығаюы, ядролық энергияның бейбіт қолданылуы,   техникалық ынтымақтасты,  кепілдіктің тиімділігі мен қызметтілігін арттыру мәселелері болды.

Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі, Қазақстанның  Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай  қазақстандық делегацияға төрағалық етті, делегация құрамына  Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, «Қазатомөндіріс»  АҚ, Ұлттық ядролық орталық өкілдері енді.

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, қазақстандық делегация  басшысының баяндамасында  ядролық қаруды таратпау саласындағы елдің жетістігі айтылды.  Сондай-ақ, Қазақстанның МАГАТЭ-мен тиімді ынтымақтастығы  талқыланды.

МАГАТЭ-ге  мүше елдердің назары  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  ядролық қаруды таратпау   саласындағы  бастамаларына аудартылды. Шараға қатысушылар  Қазақстандағы МАГАТЭ төмен байытылған Уран банкі жобасын  жүзеге асыру  туралы ақпараттандырылды.

Делегация  Еуропалық Одақ, Иран, Үндістан, Ресей, Аргентина, Монғолия өкілдерімен кездесті.

БҰҰ Веналық бөліміндегі Бас конференция кезеңінде  «Қазатомөнеркәсіп»  АҚ және Ұлттық ядролық орталықтың көрмесі қойылды.

СІМ хабарлағандай, МАГАТЭ Бас конференциясы  30 қыркүйекке дейін жалғасады. 




Яндекс.Метрика