Халықаралық интеграция

Франция, Кувейт және Иран Ақтөбе облысының кәсіпорындарымен серіктестікті нығайтып жатыр (ФОТО)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Франция, Кувейт және Иранның Қазақстандағы елшілерімен кездесті.
Ақтөбе 28 Қыркүйек, 12:33

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  дипломатиялық  өкілдіктің  басшылары  Ақтөбеге  екі күндік сапармен IV «AKTOBE INVEST 2016» Халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін келді.  

Ақтөбеге келген қонақтар бұл күні экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын өңірдегі кәсіпорындардың өндірісімен танысты. Атап айтқанда «Молочные истории» ЖШС ет комбинаты, шошқа етін өндіретін кешен «Парижская Коммуна ХХI» ЖШС, ет консервілерін шығаратын «СПК Айбек» ЖШС және көкөніс өсіретін жылыжай кешені «IzetGreenhouse» ЖШС барды.

Бұдан өзге олар мұнай өнеркәсіпті жабдықтарын өндіретін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты АҚ, «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, «Каспий Плюс» ЖШС зауыты, сондай-ақ, Ақтөбенің индустриалды аймағы секілді заманауи өндірістік кәсіпорындарды қарап шықты.

Ақтөбеде өткен форумға барлығы 500 астам қонақ шақырылды. Олардың қатарында ҚР Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың өкілдері, Францияның, Иран Ислам Республикасының, Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы өкілетті елшілері, сонымен қатар Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Словакия, Голландия және өзге де елдердің өкілдері бар.

Өңір басшысы Иран Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті. Ақтөбелік тарап ирандықтарға геология, түсті және қара металлургия саласын дамытуды ұсынды.

Сонымен қатар, өткен жылы бидай, арпа сатып алып, сапасына жоғары баға берген шетелдіктерге биыл мол шыққан астықты тасымалдау жоспарда бар. Тіпті, ірі қара мен қой жеткізуге Ақтөбенің мүмкіндігі жетеді.

Қазіргі кезде 1 миллион 200 мың гектар жерді ауыл шаруашылығына пайдалануға болады. Ирандық кәсіпкерлер бидай, көкөніс, арпа, сұлы егеміз десе, жер беріп, инфрақұрылымды қамтамасыз етуге дайынбыз. Әрі газ, су, жарық бағасы өңірде арзан. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жобаны алғашқы күннен бастап қолдап, нақты іске қосылғанға дейін көмек бере алады.

Екіжақты кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құс фабрикасын, жылыжай салып, ірі қара мен қой сатып аламын деген ирандық кәсіпкерлердің қашан іске кірісетінін сұрады. Ақтөбе білім, медицина, мәдениет саласында да бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін еске салды.

Ал франсуздар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақ үй бизнесі, туризм саласына қаржы беруге дайын. Бірақ, алдымен облыстың қажеттіліктерін біліп алу керек екен.

Ертең Ақтөбеде Францияның атақты брендімен қонақ үй ашылады. Бұдан басқа, біз жолдағы қауіпсіздікті қамтасыз ету, яғни, радарлар орнату, жалпы қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірнеше жобаны қолға алуды ойластырып отырмыз. Сондай-ақ, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыру жөнінде жобалар бар.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтөбе облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 13,1 миллион доллар болған екен. Ақтөбеліктер Францияға минералды, химиялық өнеркәсіп өнімдерін жөнелтсе, ол елден бізге дәрі-дәрмек, құбырлар әкелінген. 





Яндекс.Метрика