ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Алматыда алюминий өндіретін жаңғыртылған зауыт іске қосылды

Алматыда құны 350 млн теңге тұратын алюминий профилін өндіретін жаңғыртылған зауыт іске қосылды.
Алматы қаласы28 Қыркүйек , 09:32

«АЛПРОФ» ЖШС кәсіпорнын жаңғырту  индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын электронды жабдықтарды толық ауыстыру үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлемемен субсидия алды және ол өндірістің қуаттылығын 35%-ға арттыратын болады.

«Жаңғыртудың арқасында зауыт өндірісін жылына 7 200 тоннадан 10000 тоннаға дейін өсірді. Ол Қазақстандағы нарықтың шамамен 25% үлесі. 20-дан астам қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын шығарылған тауарларын ТМД елдеріне экспорттайды»,-деп хабарламада айтылған.

Айта кетейік, «АЛПРОФ» ЖШС Қазақстанда алюминий профилін өндіретін алғашқы зауыт.




Яндекс.Метрика