Халықаралық интеграция

Нидерланд Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес ретінде қарастырады – СІМ

Гаагада Қазақстандағы Нидерландтың елшісі Мағжан Ілиясов НК Парламенті Сенатының Президенті Анке Брукерс-Кнолмен екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау мақсатында кездесті.
Әлемде 28 Қыркүйек, 09:13

Кездесу барысында тараптар  мемлекетаралық өзара байланыстың  жоғары деңгейін атап өтті, ынтымақтастықтың  нығаюына 2014 жылы Гаагаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары және   өткен  жылдың желтоқсанында Нидерланд Премьер-Министрі  Марк Рюттенің  Астанаға келуі себеп болды,  деп хабарлады СІМ.

А. Брукерс-Кнол айтып өткендей,  Нидерланд Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың дамуына  ерекше көңіл бөледі, себебі ел Қазақстанды өңірдегі  сыртқы саяси және сауда-экономикалық маңызды серіктес ретінде қарастырады.

Елші  Парламент Сенатының басшысын Қазақстанның  25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен  Н.Назарбаевтың  «Әлем. ХХI ғасыр» Манифестіндегі бастамалары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Астанадағы Саммитке дайындық пен 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес өкілі ретіндегі басымдылықтар тілге тиек болды.

Қазақстандық дипломат  өткен жылы жүзеге асқан Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы  ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі  туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті. Құжатты Нидерланд Парламентінің жеделдетіп  ратификациялауын сұрады.

Тараптар  іскерлік байланыс пен «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің мүмкіндіктерін  атап өтті. Көрмеде нидерландық павильон таныстырылады, оған қоса Нидерландының Ұлттық күнін өткізу жоспарланған (22 маусым 2017 ж.).





Яндекс.Метрика