Инвестициялар

Қазақстан 2017 жылы ЭЫДҰ инвестициясы жөніндегі комитетінің мүшесі болуды жоспарлауда

2017 жылы Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестиция бойынша комитетінің мүшесі болуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 18:31

«Инвестициялық климаттың жақсаруы аясында шетелдік инвесторларды тарту бойынша оңтайлы динамика бақыланады. Көбінесе, Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық ұйымының инвестициялық комитетінің құрамына қосылуы мен дамуы бойынша жұмыстар атқарылуда»,-деді Ж. Қасымбек.

Оның айтуы бойынша, Қазақстанның инвестициялық климаты іскерлік ортаның жоғары деңгейінің стандарттарына сәйкесчтігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың инвестициялық оң динамикасы сақталуда. Биылғы жылдың 8 айында инвестицияның негізгі капиталы 4,8% өсті (4,3 трлн. теңге – 12,6 млрд. долл.). Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында таза тікелей шетелдік инвестиция ағыны ұлғайып, 5,7 млрд. долларға жетті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика